Шартарап

Астанада өткен гала-концерт: Ресей мәдениет күндерінің шымылдығы ашылды

Астанада Қазақстандағы Ресей Федерациясының мәдениет күндерінің ашылу салтанаты өтті. Ауқымды гала-концерт көрермендерге ерекше әсер сыйлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Іс-шараға Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қатысты. Ол өнердің екі ел арасындағы достықты нығайтудағы маңызын атап өтті.

«Мәдениет – халықтарды жақындастыратын күш. Біздің ортақ мұрамыз – үлкен байлық», – деді Қарин өз сөзінде.

Концертте Ресей мен Қазақстанның танымал әртістері өнер көрсетіп, көрермендердің қошеметіне бөленді. Мәдениет күндері аясында тағы бірқатар іс-шаралар жоспарланған.

Көп оқылғандар