Қаржы

Астанада кондиционерлерді орнатудың жаңа ережелері енгізіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада тұрғын үйлердің қасбетіне кондиционерлердің сыртқы блоктарын орнату тәртібі өзгермек. Елордада осыған қатысты жаңа талаптарды қамтитын жаңартылған дизайн-код әзірленіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Сәулет басқармасының мәліметінше, жаңа талаптар ғимараттың класы мен сәулеттік ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді. Бірінші және екінші кластағы тұрғын үйлерде кондиционердің сыртқы блоктарын қасбеттің түсі мен стиліне сәйкес келетін арнайы сәндік қораптардың ішіне орналастыру жоспарланып отыр.

Ал бұрыннан салынған тұрғын үйлерге қатысты қазіргі тәртіп сақталады. Яғни кондиционерлерді орнату мәселесін пәтер иелері жалпы жиналыста өздері шешеді.

Әзірге жаңа талаптардың орындалуын бақылау тетігі мен оларды бұзғандарға қолданылатын жауапкершілік шаралары айқындалмаған. Қала әкімдігі бұл мәселелер дизайн-код бекітілгеннен кейін жеке құжатпен реттелетінін мәлімдеді.

Көп оқылғандар