Сурет: видеодан алынған кадр
Астанада жеңіл көлік өртеніп, бес адам зардап шекті. Олардың арасында бір бала да бар, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға елорданың бір көшесінде болған. Өрт көлік қозғалысы кезінде шыққан. Жолаушылардың көбі өздігінен шыға алмаған.
«Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары тұрақты, дәрігерлер бақылауда», — деді қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.
Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. Куәгерлерден сұрақ алынуда.

