Қоғам

Астанада есірткі таратқан екі студент сотталды

Сурет: ашық дереккөз

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, 19 жастағы екі студент «Telegram» мессенджері арқылы есірткі таратуға бағытталған қылмыстық схемаға қатысқан, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдейтін барлық дәлелдемелерді ұсынды.

«Оларды ұстау кезінде аса ірі мөлшерге жататын 5,87 грамм мефедрон тәркіленді. Сот үкімімен оларға 7 және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.

Прокуратура азаматтарды бейтаныс адамдар ұсынатын оңай ақша табу жолдарына келіспеуге шақырады.

Еске салайық, биыл көктемде елордалық полицейлер есірткі таратты деген күдікпен 15 жастағы мектеп оқушысын ұстаған болатын. Тергеу деректеріне сәйкес, жасөспірімнен арнайы жасырын орындарға қалдыруға арналған 70-тен астам есірткі орамы табылған.

Бұған дейін Маңғыстауда есірткі сақтады деген күдікпен 28 жастағы жүргізуші ұсталғаны хабарланған еді. Сонымен қатар, Қостанайда өңірлер арасында есірткі тасымалдаған курьер ұсталды.

Көп оқылғандар