Басты тақырып

Астанада Есіл жағасынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Сурет: Aikyn.kz

Астанада Есіл өзенінің жағасынан 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты қалалық Полиция департаменті растады. Марқұмның жеке басы анықталған: ол елордада тұрған 56 жастағы ер адам.

«Марқұмның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Астана қаласының Полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның өлімінің нақты себебі әзірге хабарланған жоқ.

Көп оқылғандар