Басты тақырып

Астанада Есіл өзенінен 56 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Сурет: istockphoto.com

Астанада Есіл өзенінен ер адамның мәйіті табылды. Қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

8 қарашада әлеуметтік желілерде Ш.Айтматов көшесіндегі Kolsai тұрғын үй кешенінің маңындағы көпір астынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Полицияның мәліметінше, марқұм 56 жастағы елорда тұрғыны болып шыққан. Алдын ала тексеру кезінде оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.

«Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда», деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, биыл қазан айында Есіл өзенінен 54 жастағы ер адамның мәйіті табылған болатын.

Көп оқылғандар