Сурет: Астана әкімдігі
Астана полициясы дрон арқылы мониторинг жүргізіп, Айтматов көшесінде топырақ ұрланып жатқанын анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану жүйесі арқылы екі жүк көлігі анықталып, ақпарат полицейлерге жолданды. Жүргізушілер жауапқа тартылып, көліктер коммуналдық тұраққа қойылды.
Бұл фактіге қатысты материалдар Астана қаласының Экология департаментіне жіберілді.
Полиция заңсыз топырақ өндіру мен тасымалдау табиғатты қорғау заңнамасын бұзу болып саналатынын және ол үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Азаматтар осыған ұқсас жағдайға куә болса, «102» нөміріне хабарлағаны жөн, — делінген қалалық полиция департаментінің хабарламасында.
Бейнебақылау камералары жоқ жерлерде елордалық полиция дрондар мен басқа заманауи технологияларды қолданады.

