Басты тақырып

Астанада дауыл соғады: синоптиктер ескерту жасады

Бүгін Астанада жаңбыр жауып, қатты жел соғады. Синоптиктер тұрғындарды сақ болуға шақырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қала бойынша желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жаңбыр күндіз басталып, кешке дейін жауады деп күтілуде.

«Ауа райының нашарлауына байланысты абай болыңыздар. Көшеде жүргенде құрылыс нысандарынан, ағаштардан аулақ жүріңіз», — деді қалалық ТЖД мамандары.

Синоптиктер дауылдың кешке қарай басылатынын болжап отыр. Астаналықтарға қажетсіз сапарлардан бас тартуға кеңес беріледі.

Көп оқылғандар