Сурет: Egemen Qazaqstan
Астанада Сарайшық ауданында автокөлік өртеніп, жарылыс болды. Оқиға Қ. Аманжолов көшесінде тіркелді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт салдарынан зардап шеккендер бар. Қазіргі уақытта олардың саны мен жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс істеп, жалынды ауыздықтады. Жарылыстың себебі анықталып жатыр.

