Сурет: Ақорда
Астанада «Жасанды интеллект саласындағы қауіпсіздік» тақырыбына арналған Ақаба процесінің саммиті өтіп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Әзербайжан Ұлттық жиналысының спикері Сахиба Гафарова, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев және басқа да ресми тұлғалар қатысуда.
Ақаба процесі – Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн 2015 жылы бастамашылық еткен терроризмге және зорлықшыл экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық бастама. Бұл алаң қауіп-қатерлерге қатысты ортақ түсінік қалыптастыруға және нақты әрекеттерді үйлестіруге мемлекеттер басшыларын, арнайы қызметтердің, әскери ведомстволардың және халықаралық ұйымдардың жетекшілерін біріктіреді.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Астанада қарсы алды. Бұған дейін Мемлекет басшысы Иордания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді.
Мазмұнға өту
