Басты тақырып

Астанада 40-қа жуық адам жасөспірімді аяусыз соққыға жықты

Астанада Конституция көшесіндегі «Ильяс» дүкенінің жанында жас жігітті топ аяусыз сабады. Зардап шеккен жасөспірімнің туыстары оқиғаға 40-қа жуық адам қатысқанын айтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға кешкі уақытта болған. Жасөспірім дүкен маңында жүргенде бір топ оған шабуыл жасап, аяусыз ұрып-соққан. Қазіргі уақытта зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды.

«Баламызды бірнеше адам қоршап алып, соққыға жықты. Оның үстіне тағы келгендер қосылды. Жалпы саны 40-қа жуық адам болды», – дейді зардап шеккен жасөспірімнің анасы.

Полиция оқиға бойынша тергеу бастаған. Құқық қорғау органдары топтың барлық мүшесін анықтап, жауапкершілікке тартуға уәде берді.

Көп оқылғандар