Сурет: Sebaguir / FOTODOM
Астана мен Алматының ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасының бағамы жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Kurs.kz дерегінше, елордада доллар 484 теңгеден сатып алынып, 491 теңгеден сатылуда. Еуро 558 теңгеден сатып алынып, 568 теңгеден сатылады. Ресей рублі 6,25 теңгеден сатып алынып, 6,55 теңгеден сатылады. Қытай юані 69,29 теңгеден сатып алынып, 74,09 теңгеден сатылады.
Алматыда доллар 488,37 теңгеден сатып алынып, 490,25 теңгеден сатылады. Еуро 559,55 теңгеден сатып алынып, 564,81 теңгеден сатылады. Рубль 6,36-6,48 теңге аралығында саудаланады. Юань 71,44-73,90 теңге аралығында саудалануда.
Апта соңында доллардың орташа бағамы 0,64 теңгеге өсіп, 488,37 теңгені құрады.

