Қоғам

Астана – Ерейментау тасжолы 19 қарашада жабылады

Сурет: «ҚазАвтоЖол» ҰК

Ауа райы нашарлағандықтан, 19 қараша сағат 18:00-ден бастап Астана мен Ерейментау арасындағы жол бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметінше, шектеу «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолының 16–159 шақырым аралығында енгізіледі. Жол барлық көлік түрлері үшін жабық болады.

«Аталған учаскедегі қозғалысты 20 қараша сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланған», делінген хабарламада.

Бұған дейін Ақмола облысында қолайсыз ауа райына байланысты жазғы дөңгелекпен республикалық тасжолдарға шыққан 744-тен астам көлік кері қайтарылған болатын.

Көп оқылғандар