Сурет: Астана әкімдігі
Есет Байкеннің орнына елорда әкімінің орынбасары болып Талғат Рахманберді тағайындалды. Ол бұған дейін Астана қаласы Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Талғат Рахманберді еңбек жолын 2004 жылы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы болып бастаған. Әр жылдары «Астана қаласының студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» қоғамдық бірлестігін басқарды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы институтының (Астана қаласы) қылмыстық процесс заңдылығы мен жедел-іздестіру қызметін қадағалау бойынша біліктілікті арттыру басқармасында аға прокурор, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы және өзге де қызметтерді атқарған.
2016 жылдың сәуірінен 2019 жылдың наурызына дейін Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары болды. 2019 жылдың сәуір айынан бастап Астана қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды. 2019 жылдың тамызынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Астана қаласының Қоғамдық даму басқармасы мен Ішкі саясат басқармасын басқарды, сондай-ақ қала әкімінің кеңесшісі болды. 2023 жылғы 18 қазаннан бастап Байқоңыр ауданының әкімі қызметін атқарды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Талғат Рахманбердіге қаланы жүйелі дамытуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді.
Мазмұнға өту
