Сурет: Egemen Qazaqstan
Әлем біріншілігінің жартылай финалында Аргентина Англияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесудің 55-минутында Энтони Гордон Англияны алға шығарды. Алайда кейін Энцо Фернандес есепті теңестірді. Қосымша уақытта Лаутаро Мартинес жеңіс голын соғып, Аргентинаға финалға жолдама әперді.
Енді Аргентина финалда Испаниямен кездеседі. Финалдық ойын 19 шілдеде АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы Ист-Ратерфорд қаласындағы «Метлайф Стэдиумда» өтеді. Ал қола жүлде үшін Англия мен Франция 18 шілдеде Майамидегі «Хард Рок» стадионында ойнайды.
Мазмұнға өту
