Жайық news

Ақжайықта сегізінші «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында сегізінші «Жас сақшы» сыныбы ашылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа сыныпқа 18 оқушы қабылданды. Олар салтанатты жағдайда тәртіпті сақтауға, білімге ұмтылуға, Отанын сүюге және халқына адал болуға уәде берді.

Іс-шараға БҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Қадыржан Сағин қатысты. Ол сыныптағы сабақтар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті тәрбиелеуге бағытталғанын атап өтті.

Сыныпқа Ұлы Отан соғысының және ішкі істер органдарының ардагері Хасан Сұлтанғалиевтің есімі берілді. Ол көп жылдар бойы Ақжайық аудандық полиция бөлімінде қызмет еткен. Оның ұлы Болат Хасанович полицейлерге әкесінің естелігін сақтағаны және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.

Көп оқылғандар