Categories Әлем

АҚШ-тың Apache тікұшағы құлағаннан кейін Трамп мәлімдеме жасады

Сурет: Egemen Qazaqstan

АҚШ президенті Дональд Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде Ормуз бұғазында патрульдік қызмет атқарған америкалық әскери тікұшақтың атып түсірілуіне байланысты Иранға жауап берілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Трамптың айтуынша, ирандықтар кеше түнде Ормуз бұғазы үстінде патрульдік тапсырма орындап жүрген жоғары технологиялық Apache тікұшағының бірін атып түсірген. Тікұшақтың екі ұшқышы да зардап шекпеген және қауіпсіз жерде.

«Соған қарамастан, АҚШ бұл шабуылға жауап беруге мәжбүр», деді Трамп.

8 маусым күні Ормуз бұғазы маңында АҚШ армиясының Boeing AH-64 Apache тікұшағы апатқа ұшырады. The New York Times басылымының жазуынша, Apache тікұшақтары, MQ-9 Reaper ұшқышсыз ұшу аппараттары, сондай-ақ F/A-18 және F-35 жойғыштары Иранның Ормуз бұғазын жабуына жол бермеуге бағытталған АҚШ әскери операциясы аясында қолданылған.

Басылым мәліметінше, бұл АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы басталғалы бері Apache тікұшағының алғаш рет жоғалуы. Трамп ұшқыштардың жағдайы жақсы екенін айтып, оқиға бойынша есеп 9 маусымда ұсынылатынын жеткізді.

Ұқсас жазбалар

Түркістанда түркі мемлекеттерінің білім министрлерінің ІХ отырысы өтті

Бүгін Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің білім министрлерінің ІХ отырысы өтті.

АҚШ-та Өзбекстан футболшылары қызметтік иттермен тексеруден өтті

АҚШ-та Өзбекстан футболшылары қызметтік иттердің көмегімен тексеруден өтті. Нидерландқа қарсы жолдастық ойын алдында өзбек футболшылары…

Қазақ-қытай ғалымдары шегірткеге қарсы жаңа биопрепарат сынады

Қазақстан мен Қытай ғалымдары шегірткеге қарсы экологиялық таза биопрепаратты сынақтан сәтті өткізді.