Әлем

АҚШ телеарналары Трамп іс-шараларын жариялауды тоқтатты

Сурет: AP

АҚШ-тың Fox News Media, ABC News, CBS News, CNN және NBC News сияқты ірі телеарналары президент Дональд Трамптың іс-шараларын бірлесіп көрсетуді уақытша доғарды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл шешімге Трамп әкімшілігінің бірқатар БАҚ өкілдерін Ақ үйге кіргізбеуі себеп болды. CNN, MS NOW және Politico журналистеріне Ақ үй аумағына кіруге тыйым салынғаннан кейін телеарналар осылай шешкен.

Трамп бұл БАҚ-тарды «жалған жаңалықтар» таратты деп айыптаған. Соңынан бұқаралық ақпарат құралдары Трамп әкімшілігіне қарсы Колумбия округінің федералдық сотына талап-арыз берген.

Телевизиялық пулға кіретін журналистер президенттің Ақ үйдегі және өзге де іс-шараларын кезекпен түсіреді. Олар видео, фото, аудио және президенттің сөздерін басқа ақпарат құралдарымен бөліседі. Алайда бұл жолы пул мүшелері CNN журналистерін алмастырмайтындарын мәлімдеген. CNN өкілдері Трамптың БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуын жариялауы тиіс еді.

Еске салайық, 18 қыркүйекте Дональд Трамп CNN, Politico және MS NOW журналистеріне Ақ үй аумағына кіруге тыйым салған болатын.

Көп оқылғандар