Сурет: Kyodo
Жапонияның Нагоя қаласында нөсер жаңбыр салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Су тасқыны автомобиль жолдарын, теміржол желілерін және басқа да инфрақұрылым нысандарын басып қалды. Шамамен 200 көлік зақымданды. 2,7 мыңға жуық адам арнайы эвакуациялық орталықтарға жеткізілді.
Жапония метеорологиялық агенттігі елдің көптеген аймағында жаңбыр 10 қыркүйекке дейін, яғни бейсенбіге дейін жалғасатынын ескертті. Мамандар көшкін жүру қаупі бар екенін де айтты.
Бұған дейін Непалда су тасқынынан 200-ден астам адам қаза тапқаны хабарланған.
