Сурет: istockphoto.com
АҚШ Иран аумағына тағы да әуе соққыларын жасады. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл АҚШ-тың Иранға қарсы қатарынан 12-ші түн жүргізілген әскери операциясы. Соңғы соққылар Иранның оңтүстік-батысы мен шығысындағы әскери нысандарға бағытталған.
Вашингтон бұл операцияларды Тегеранның Ормұз бұғазындағы коммерциялық кемелерге шабуылын әлсірету үшін жасап жатқанын мәлімдеді.
Иран президенті АҚШ-пен «толық ауқымды соғыс» жүріп жатқанын айтты.
Military Air Tracking Alliance дерегінше, АҚШ Таяу Шығысқа қосымша 80 әскери ұшақ жіберген. Сондай-ақ теңіз блокадасы қайта басталғалы бері тоғыз сауда кемесі ұсталған.
Иран тарапы америкалық әуе соққыларынан 53 бейбіт тұрғын қаза тауып, 600-ге жуық адам жараланғанын хабарлады.
Бұған дейін Дональд Трамп Иранмен келіссөздер тоқтағанын мәлімдеп, Тегеранға қарсы теңіз блокадасын қайта жүргізетінін жариялаған еді. Сондай-ақ ол Ормұз бұғазы арқылы өтетін кемелерге алым енгізу керектігін айтты. Ақ үй басшысының бұл бастамасына Біріккен Ұлттар Ұйымы қарсылық білдірді. Иран 19 шілдеде АҚШ флотын жанармаймен қамтамасыз ететін Кувейттегі отын терминалына соққы жасағанын мәлімдеді.
Мазмұнға өту
