Қаржы

АҚШ-та зейнетақы шотында миллиондаған доллары бар азаматтар саны екі есеге артты

Сурет: istockphoto.com

АҚШ-та зейнетақы шотында миллиондаған доллар жинаған азаматтардың саны соңғы бес жылда айтарлықтай өскен. The Wall Street Journal басылымының мәліметінше, 2024 жылы жеке зейнетақы шотында кемінде 25 млн доллар сақталған америкалықтардың саны 1000-нан асқан, бұл 2019 жылмен салыстырғанда екі есе көп, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен қатар, шотында 10 млн доллардан астам қаражаты бар адамдардың саны үш есеге өсіп, 11,6 мың адамға жеткен.

Сарапшылар бұл өсімді жоғары технологиялық стартаптарға салынған табысты инвестициялармен байланыстырады. Мысалы, Nasdaq Composite индексі 2019 жылғы 7 мың тармақтан 25,8 мың тармаққа дейін көтерілген. Ал Roblox компаниясының акциялары IPO-дан кейін 45 доллардан 2025 жылдың қыркүйегінде 135 долларға дейін қымбаттаған.

IRA шоттары бастапқыда қарапайым азаматтарға зейнетке қаражат жинауға көмектесу үшін құрылған. Алайда қазір оларды ауқатты инвесторлар салықтық жеңілдіктерді пайдалану құралы ретінде жиі қолданады.

Осыған байланысты АҚШ саясаткерлері мен реттеуші органдары мұндай шоттарға қатысты салық саясатын қайта қарау мүмкіндігін талқылап жатыр.

Көп оқылғандар