Әлем

АҚШ студенттер мен журналистерге виза беру талаптарын қатаңдатады

Сурет: istockphoto.com

АҚШ шетел азаматтарына виза беру тәртібін қатаңдатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің Ішкі қауіпсіздік министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа талаптар шетелдік студенттерге, алмасу бағдарламаларына қатысушылар мен журналистерге қатысты болады. Аталған санаттағы азаматтарға берілетін визалардың жарамдылық мерзімі нақты белгіленеді.

Журналистерге АҚШ аумағында 240 күнге дейін болуға рұқсат етіледі. Ал Қытай азаматтары үшін бұл мерзім 90 күнмен шектелмек.

Студенттік және алмасу бағдарламалары бойынша визалар ең көбі 4 жылға беріледі. Виза мерзімі аяқталғаннан кейін шетел азаматтары АҚШ аумағынан 1 ай ішінде шығуы тиіс. Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша бұл мерзім 2 айды құрайды.

Жаңа өзгерістер 60 күннен кейін күшіне енеді. Алайда оған дейін құжат АҚШ Конгресінің қарауынан өтеді. Ақ үй бұл өзгерістер шетел азаматтарына бақылауды күшейту үшін жасалып отырғанын хабарлады.

Көп оқылғандар