Categories Қаржы

АҚШ президенті Трамп мұнай компанияларына қатысты тергеу бастауды тапсырды

Сурет: Egemen Qazaqstan

АҚШ президенті Дональд Трамп ірі мұнай компанияларын бензин бағасын негізсіз жоғары ұстап отыр деп айыптады. Ол Әділет министрлігіне бұл мәселе бойынша тергеу бастауды тапсырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Трамптың Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазғанындай, мұнай бағасы күрт төмендегеніне қарамастан, жанармай құны сәйкесінше арзандамай отыр. Ол тұтынушыларды ашық түрде алдап жатыр деп есептейді.

«Тұтынушыларды ашық түрде алдап отыр. Мен Әділет министрлігіне бұл мәселе бойынша дереу тергеу бастауды тапсырдым. Бензин бағасы қазіргіден әлдеқайда жылдам төмендеуі керек», деді Трамп.

Ұқсас жазбалар

22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылды

15-19 маусым аралығында өткен «Дәрмек» іс-шарасында 22 мың дәрілік препараттың айналымына шектеу қойылып, 31 қылмыстық…

Алакөл бағытына билет бағасы 20%-ға арзандады

Биылғы жылдың 25-30 маусым аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы – Достық бағыты бойынша қатынайтын №207/208…

Заңсыз шығарылған активтердің 40 млрд теңгесі Қазақстанға қайтарылды

Прокурорлардың күш-жігері әлеуметтік бағдарламалардың сәтті іске асуын қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және мемлекетке…