Әлем

АҚШ президенті Трамп Израиль мен Иранға қатысты пікір білдірді

Сурет: Egemen Qazaqstan

АҚШ президенті Дональд Трамп Бейбітшілік үйінде сөйлеген сөзінде өзінің саясаты Израильді сақтап қалуға көп көмектескенін айтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Трамп өз әкімшілігінің іс-әрекеттері Иранға кең ауқымды агрессия жасауға кедергі болғанын және Израильді қорғауда маңызды рөл атқарғанын атап өтті.

«Егер мен президент болмасам, Израиль де, мүмкін, Таяу шығыс та болмас еді. Бұл сөзімнің растығына Иран кенеттен бүкіл Таяу шығысқа оқ жаудыра бастағанда көз жеткіздіңіздер. Егер Иранда ядролық қару болғанда, олар оны қолданар еді», деді Трамп.

Көп оқылғандар