Сурет: Aikyn.kz
АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер жаңа кезеңге аяқ басты. Тараптар техникалық мәселелер бойынша біраз ілгерілеуге қол жеткізгенімен, басты қайшылықтар әлі де шешілмей отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Дереккөздердің айтуынша, келіссөздердің жаңа раундында ядролық бағдарлама мен санкцияларды алып тастау мәселесі орталық орын алған. Техникалық деңгейде екі тарап та бірқатар келісімге келген, алайда саяси тұрғыда алшақтық әлі де басым.
«Біз техникалық мәселелерде белгілі бір прогреске қол жеткіздік, бірақ негізгі саяси шешімдер әлі қабылданған жоқ», — деді келіссөздерге жақын дереккөз.
Сарапшылардың пікірінше, АҚШ-тың Иранға қатысты санкцияларын алып тастау және Тегеранның ядролық уран байыту деңгейін төмендетуі — ең күрделі түйіндердің бірі. Келіссөздердің келесі раунды таяу арада өтеді деп күтілуде.

