Categories Әлем

АҚШ пен Иран 19 маусымда Швейцарияда бейбіт келісімге қол қояды

Сурет: Анадолы

АҚШ пен Иран арасындағы бейбіт келісімге қол қою рәсімі 19 маусымда Швейцарияда өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы екі ел арасындағы келіссөздерде делдал болып отырған Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф мәлімдеді. Ақпаратты АҚШ президенті Дональд Трамп та растады.

Шахбаз Шариф делдалдық көрсеткен Қатарға, сондай-ақ Сауд Арабиясы мен Түркияға алғыс айтты. Ол келісімге қол жеткізілген соң делдалдар осы аптада бірқатар кездесулер ұйымдастыратынын айтты.

Келісімді іске асыру алдындағы бұл талқылаулар техникалық келіссөздер мен ресми қол қою рәсіміне негіз болады, – деді Шариф.

Дональд Трамп Truth Social желісінде Иранмен бейбіт келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Ол Ормуз бұғазындағы АҚШ әскери-теңіз күштерінің блокадасын алып тастау туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

АҚШ вице-президенті Джеймс Дэвид Вэнс келісімге Женевада қол қою рәсіміне қатысуды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, Дональд Трамптың өзі де келуі мүмкін.

Шахбаз Шариф келісім туралы мәлімдемесінде екі тарап барлық майданда, соның ішінде Ливанда да әскери іс-қимылдарды дереу және түпкілікті тоқтататынын айтты. Келісімнің Ливанға да таралуы Иран үшін маңызды шарттардың бірі болған.

14 маусымда Израиль Бейруттағы «Хезболла» бақылауындағы аудандарға әуе соққыларын жасады. Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды «маңызды күні» шабуыл жасағаны үшін сынға алды.

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Казем Гарибабади АҚШ-пен уағдаластықтарға қол қойылатынын растады. Оның айтуынша, тараптар алдымен «өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қояды, содан кейін 60 күн бойы түпкілікті бейбіт келісімге қол жеткізу жөніндегі келіссөздер жүргізіледі.

Ұқсас жазбалар

Еуропа көшбасшылары АҚШ пен Иран келісімін қолдап, ядролық қаруға қарсы ескертті

Франция, Ұлыбритания, Италия және Германия басшылары АҚШ пен Иран арасындағы келісімді қолдап, Иранның ядролық қаруға…

Швейцарияда халық санын 10 миллионмен шектеу бастамасы референдумда қолдау таппады

Швейцария азаматтары референдумда ел халқының санын 2050 жылға қарай 10 миллион адамнан асырмау туралы бастаманы…

Иран 14 маусымда АҚШ-пен меморандумға қол қоймайды

Иран 14 маусымда АҚШ-пен соғысты реттеу үдерісін бастау туралы бірлескен меморандумға қол қоюдан бас тартты.…