Сурет: istockphoto.com
АҚШ пен Иран арасындағы әскери шиеленіс қайта күшейіп, тараптар бір-біріне қатысты мәлімдеме жасап, ашық әскери қақтығыс кезеңіне оралды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ Қарулы күштері Иран аумағындағы Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) ондаған нысанына әуе соққысын жасады. Нысаналар қатарында әскери басқару орталықтары, зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған кешендер, сондай-ақ жағалау қорғанысы мен теңіз инфрақұрылымы бар.
АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, операция Гринвич уақыты бойынша сағат 00:00-де (Астана уақытымен 05:00-де) басталып, шамамен екі сағатқа созылған.
Ведомствоның хабарлауынша, бұл соққылар Иорданиядағы америкалық әскери күштерге жасалған зымырандық шабуыл әрекетіне жауап ретінде жүзеге асырылған.
Бұған дейін Тегеран Ормұз бұғазын бірлесіп пайдалану жөніндегі Оманның ұсынысын қабылдамай, Иорданиядағы АҚШ күштеріне баллистикалық зымырандармен соққы жасады. Осыдан соң АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Иранға жауап соққыларын қайтаратынын айтып, Тегеранға «қатаң сабақ берілетінін» жеткізген еді.
Мазмұнға өту
