Сурет: Report
АҚШ Иранның екі мұнай танкеріне шабуыл жасап, Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) 100-ден астам нысанына соққы берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ақ үйдің мәліметінше, бұл операция «танкерге – танкер» қағидатына негізделген жаңа тактиканың бастамасы болды. Осылайша Ақ үй Иранның Ормуз бұғазындағы кемелерге қарсы әрекеттерінің қарқынын төмендетуді көздейді.
Америкалық дереккөздердің бағалауынша, жаңа соққылар нәтижесінде бұғаз арқылы өтетін сауда кемелеріне төнетін қауіп кем дегенде бір айға төмендеген. Бұған дейін Иран Ормуз бұғазына қатысты тағы ескерту жасаған еді.
