Сурет: U.S. Central Command / X
АҚШ-тың Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранның бірнеше аймағындағы нысандарға әуе соққыларын бағыттады. Соққылар Бушер, Чабахар, Джаск, Конарак, Әбу-Муса және Бендер-Аббас қалаларына жасалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ресми мәлімдемеде операцияның мақсаты – Иранның халықаралық сауда кемелеріне шабуыл жасау мүмкіндігін әлсірету екені айтылды. АҚШ әскері Иранның жағалаудағы қорғаныс жүйелеріне, зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттарын ұшыру қондырғыларына, сондай-ақ теңіздегі әскери нысандарына жоғары дәлдіктегі оқ-дәрілермен соққы берген.
Иран Бахрейндегі нысандарға қайтадан шабуыл жасағанын жариялады. Ислам революциясы сақшылары корпусының (КСИР) мәліметінше, зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары бірнеше қару-жарақ қоймасына, спутниктік байланыс орталығына және әскери базада орналасқан америкалық әскерилер пайдаланатын тұрғын үйге бағытталған.
Қақтығыстың шиеленісуі мұнай бағасының өсуіне әсер етті. Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің бағасы 2,6 пайызға өсіп, 85,50 долларға жетті. Ал WTI маркалы америкалық мұнайдың бағасы 1,6 пайызға қымбаттап, бір баррелі 79,37 долларды құрады.
Мазмұнға өту
