Әлем

АҚШ Иранға қысымның жаңа әдістерін қарастыруда

Сурет: Report

АҚШ жақын арада Иранға ірі соққылар жасауды жоспарлап отырған жоқ. Вашингтон Тегеранға қысымды санкциялар мен теңіз блокадасы арқылы күшейтуді көздейді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Axios деректеріне сәйкес, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бірнеше елдің сыртқы істер министрлеріне Вашингтонның ауқымды әскери операцияларды қайта бастамайтынын жеткізген. Дегенмен, егер Иран бірінші болып шабуыл жасаса, АҚШ соққы беру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

АҚШ Иранға экономикалық қысымды санкциялар мен теңіз блокадасы арқылы күшейтуді, сондай-ақ Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалын барынша қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. Бұл тәсілді АҚШ әкімшілігі кемінде 3 қарашада өтетін Конгресс сайлауына дейін ұстануды көздейді.

АҚШ әкімшілігінің өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта Вашингтон Тегеранмен келіссөз жүргізіп жатқан жоқ. Алайда АҚШ Иранға жасалып отырған қысым оны келіссөз үстеліне қайта оралуға итермелеуі мүмкін деп есептейді.

Көп оқылғандар