Сурет: FlyArystan
FlyArystan әуе компаниясы 23 қыркүйектен бастап Алматы мен Қытайдың Чунцин қаласы арасында тікелей рейстерді іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Рейстер аптасына екі рет орындалады. Компания хабарламасында айтылғандай, Алматыдан Чунцинге ұшақтар әр сәрсенбі және сенбі күндері, ал кері бағытта әр бейсенбі және жексенбі күндері қатынайды. Билет бағасы Алматы – Чунцин бағыты бойынша 96 мың теңгеден, ал Чунцин – Алматы бағыты бойынша 97 600 теңгеден басталады.
Жаңа бағыт жолаушыларға Қытайдың ең ірі мегаполистерінің бірі саналатын Чунцинге тікелей қатынауға мүмкіндік береді. Чунцин қала тұрғын үйлердің арасымен өтетін метро желісімен және «Аватар» фильміндегі көріністерді еске түсіретін табиғатымен танымал.
Мазмұнға өту
