Әлем

AliExpress-ке қауіпті тауарлар сатқаны үшін 550 млн еуро айыппұл салынды

Сурет: BILD

Еуроодақ қытайлық AliExpress онлайн-платформасына заңсыз тауарлардың таралуымен жеткілікті түрде күреспегені үшін 550 миллион еуро көлемінде айыппұл салды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Еурокомиссияның хабарлауынша, маркетплейсте апталап қолдан жасалған (жасанды) киімдер, қауіпті ойыншықтар мен зиянды косметика сатылып тұрған.

BILD мәліметінше, Брюссельдегілер AliExpress-тің «тыйым салынған тауарлардың таралу қаупін азайту үшін тиімді шаралар қолданбағанын» мәлімдеді. Компанияға анықталған заң бұзушылықтарды жою үшін қазан айына дейін уақыт берілді.

Егер платформа Еурокомиссияның талаптарын орындамаса, оған жаңа айыппұлдар салынуы мүмкін.

Көп оқылғандар