Categories Қаржы

Алакөл бағытына билет бағасы 20%-ға арзандады

Сурет: Egemen Qazaqstan

Биылғы жылдың 25-30 маусым аралығында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Алматы – Достық бағыты бойынша қатынайтын №207/208 және №211/212 Тальго пойыздарының «Турист» санатындағы вагондарына жол жүру билеттерін 20% жеңілдікпен ұсынады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жеңілдік төменгі және жоғарғы орындардың барлығына қолданылады. Аталған бағыт Жетісу өңірінің көрікті аймақтары арқылы өтеді және жаз мезгілінде Алакөл жағалауына демалуға баратын жолаушылар арасында сұранысқа ие бағыттардың бірі.

Жеңілдікпен билеттерді bilet.railways.kz ресми сайты арқылы, «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан, сондай-ақ мобильді билет сату сервистері арқылы алуға болады. Қосымша ақпаратты жолаушылар 1433 тегін байланыс нөмірі арқылы ала алады.

Ұқсас жазбалар

АҚШ президенті Трамп мұнай компанияларына қатысты тергеу бастауды тапсырды

АҚШ президенті Дональд Трамп ірі мұнай компанияларын бензин бағасын негізсіз жоғары ұстап отыр деп айыптап,…

Заңсыз шығарылған активтердің 40 млрд теңгесі Қазақстанға қайтарылды

Прокурорлардың күш-жігері әлеуметтік бағдарламалардың сәтті іске асуын қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және мемлекетке…

Қазақстанда тұрғын үй кезегінің жаңа жүйесі іске қосылды

Қазақстанда жеңілдетілген тұрғын үйді бөлу және кезекке тұру қағидалары өзгерді. Кезектерді тіркеу функциялары жергілікті әкімдіктерден…