Әлем

Air Astana Дубайға ұшатын рейстерін тоқтатты

Сурет: pixabay.com

Air Astana әуе компаниясы 13 және 14 шілдеге жоспарланған Дубай бағытындағы рейстерге өзгеріс енгізді. Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты әуе тасымалдаушысы Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын тоқтатады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, 13 және 14 шілдеге жоспарланған KC897/898 Алматы — Дубай — Алматы рейстері, сондай-ақ 14 шілдеге жоспарланған КС 205/206 Астана — Дубай — Астана рейстері тоқтатылады.

Жолаушыларға билеттердің құнын сатып алу орны бойынша толық қайтару не 12-18 шілде аралығында жоспарланған рейстерден 31 шілдені қоса алғанға дейін жоспарланған рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Рейстер кестесіндегі одан арғы өзгерістер туралы кейінірек хабарланады. Air Astana жағдайды мұқият бақылап, жолаушыларды қайтару мәселелерін шешіп жатыр, — делінген компания таратқан ақпаратта.

Байланыс үшін Air Astana Брондау және ақпарат орталығы (24/7) жұмыс істейді. Рейстерді кешіктірген жағдайда жедел желіге хабарласуға болады.

Осыған дейін Air Astana Таяу Шығыстағы шиеленіске байланысты 12 шілдедегі әуе рейстерінің кестесі өзгеретінін ескерткен болатын.

Көп оқылғандар