Әлем

Air Astana Дубайға рейстерін уақытша тоқтатады

Сурет: Istockphoto.com

Ормұз бұғазындағы және Таяу Шығыстағы жағдайдың нашарлауына байланысты Air Astana әуе компаниясы Дубайға ұшу бағыттарын уақытша тоқтатады. Бұл шешім 21 шілдеден 31 тамызға дейін қолданылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Air Astana мәліметінше, 21 шілдеге дейінгі рейстер жолаушыларды қайтару үшін орындалады. Жолаушылар билет құнын сатып алу орны бойынша толық қайтарып ала алады немесе кейінгі күндерге не Air Astana-ның басқа халықаралық бағыттарына тегін қайта брондай алады.

Көп оқылғандар