Сурет: Anadolu
1 тамыз күні кешке Әзербайжанның Лерик ауданында магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жерасты дүмпулері жергілікті тұрғындарға сезілген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сейсмикалық оқиға сағат 19:24-те Лерик станциясынан шығысқа қарай 22 шақырым жерде болған. Бұл туралы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығының жер сілкіністерін зерттеу бюросы АЗЕРТАДЖ агенттігіне мәлімдеді.
Жер сілкінісінің ошағы 24 шақырым тереңдікте орналасқан.
Мазмұнға өту
