Categories Қаржы

Аэротакси қызметі: Оралда да ұшатын такси пайда бола ма?

Елімізде аэротакси қызметін енгізу мәселесі қызу талқылануда. Вице-премьер Қанат Бозымбаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әуе таксиінің құны әзірге нақтыланбағанымен, мамандар бағасы қарапайым таксиден қымбат, бірақ тікұшақтан арзан болатынын айтады. Бұл қызмет әсіресе ірі қалалар мен облыс орталықтарында сұранысқа ие болмақ.

«Біз бұл бағыттағы жобаларды қолдаймыз. Ең бастысы – қауіпсіздік талаптарын сақтау және халық үшін қолжетімді болуы», – деді Бозымбаев.

Оралда да әуе таксиінің пайда болу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Қазіргі уақытта әуе кеңістігін пайдалану ережелері мен инфрақұрылым мәселелері пысықталуда.

Ұқсас жазбалар

6 шілдеде әлемдік нарықта мұнай бағасы төмендеді

Әлемдік нарықта эталондық мұнай сұрыптарының бағасы төмендеп, негізгі маркалар арзандады.

Қазақстан 2026 жылға дейін алма импортын шектеуді жоспарлап отыр

Қазақстан 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін алма импортына уақытша шектеу енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы…

ОПЕК+ елдері тамызда мұнай өндіруді арттыруға келісті

ОПЕК+ құрамындағы жеті мемлекет тамыз айында мұнай өндіру лимитін тәулігіне 188 мың баррельге арттыруға келісті.