Сурет: Egemen Qazaqstan
Белгілі журналист Қамбар Ахметтің «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған мақаласынан кейін Әлихан Бөкейхан ауылына баратын 45 шақырымдық жол жөнделетін болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Аудан әкімі Абылай Аманжолов тұрғындармен кездесіп, жол құрылысы биыл республикалық бюджет есебінен басталатынын мәлімдеді. Бұл жаңалықты ауыл белсендісі Теңдік Райымханұлы бастаған жергілікті жұртшылық қуанышпен қарсы алып, газет пен журналиске, сондай-ақ аудан әкімдігіне алғыс білдірді.
Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның қорымы орналасқан Талдыбейіт өңірі үшін жолдың жөнделуі стратегиялық маңызға ие. Бұл инфрақұрылымды жақсартып қана қоймай, киелі мекенге туристер ағынын арттырады.

