Қаржы

Әлеуметтік желідегі алаяқтық: 3 млн теңге иемденген күдікті ұсталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Түркияда ұсталған алаяқтыққа күдікті азамат Қазақстанға депортацияланды. Ол 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында әлеуметтік желілер арқылы екі атыраулық тұрғынды алдап, 3 миллион теңгеден астам ақшасын иемденген, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Түркияның Самсун қаласында ұсталды. Оны елге қайтаруға Қазақстан ІІМ-нің Түркиядағы өкілі мен Қазақстан елшілігі көмектесті.

Қазір күдікті Алматы қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жалғасып жатыр.

Көп оқылғандар