Қаржы

Әлеуметтік осал топтағы 142 мыңнан астам азаматтың қарызы кешірілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанда коллекторлық агенттіктер алдындағы берешегі бар азаматтар саны 61 пайызға азайды. Қаржы ұйымдары 2025 жылы жүздеген миллиард теңге көлеміндегі қарызды реттеп, әлеуметтік осал топтағы азаматтардың бір бөлігінің берешегін толық есептен шығарған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Отандастарымыздың коллекторлық агенттіктер алдындағы қарызы айтарлықтай азайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, берешегі бар азаматтар саны 877 мыңнан 341 мың адамға дейін төмендеген.

2025 жылы қаржы ұйымдары жалпы сомасы 814,3 млрд теңге болатын қарыздарды реттеген. Оның ішінде 73,8 млрд теңге көлеміндегі берешек толық немесе ішінара есептен шығарылған.

Сонымен қатар әлеуметтік тұрғыдан осал санатқа жататын 142,5 мыңнан астам азаматтың қарызы толық кешірілген.

Мамандардың айтуынша, қарыздарды қайта құрылымдау және азаматтарға қолдау көрсету шаралары халықтың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.

Көп оқылғандар