Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы (ӘКК) тарапынан тұрақтандыру қорынан сауда желілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын ауқымды жеткізу жұмыстары басталды.
Бүгінгі таңда сауда желілерінің нысандарына жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері, атап айтқанда, картоп пен пияз жеткізу ұйымдастырылды. Жеткізу жұмыстары «Алтындар», «Пешеход», «Фудлайн», «Суровский», «Анвар» және «Дина», сондай-ақ «Вега» супермаркеттері сияқты сауда желілеріне жүзеге асырылуда. Жалпы жеткізілім 54 сауда нүктесін қамтиды, жеткізілген өнімнің жалпы көлемі күн сайын 10 тонна картоп пен 2 тонна пиязға жетеді.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы картоп пен пиязды сауда желілеріне ҚҚС есебімен тиісінше 160 теңге және 145 теңге бағамен жеткізеді, ал сауда нысандарында көкөніс өнімдері сатушының сауда үстемесін ескере отырып, мынадай бағамен сатылады: картоп – 176 теңгеден 184 теңгеге дейін, пияз – 160 пен 167 теңге аралығында.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы аталған тауарлар бойынша барлығы 6050 және 830 тонна көлемінде қор заңдастырды (келісімшарт жасасты). Көкөніс өнімдерін тікелей тұрақтандыру қорынан жеткізу бұған дейін көтерме сауда компаниялары арқылы корпорацияның жеткізу бағасынан едәуір жоғары бағамен жеткізілген көкөністердің сауда желілеріндегі бағасын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік берді.
Сондай-ақ бүгінгі таңда сауда нысандары тұрақтандыру қорынан C1 санатты жұмыртқа, күнбағыс майы және сүт алуда.
Айта кету керек, ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап қоры 1220 тонна және 1230 тонна көлемінде бар сәбіз пен қырыққабатты жеткізу де басталады. Тауарларды жеткізу қала тұрғындарының сатып алу қабілетіне және сауда нысандарының тауар айналымының артуына оң әсерін тигізетін 2027 жылдың мамыр айына дейін жүргізілетін болады. Сонымен қатар, осы іс-шаралардың арқасында отандық тауар өндірушілерге өз өнімдерін өткізуде қолдау көрсетіледі.
Мазмұнға өту
