Спорт

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Беларусьтегі турнирде бақ сынайды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Беларусь Республикасының Мозырь қаласында әйелдер күресінен халықаралық жарыс басталды. Бәсекеде ел намысын он қыз қорғайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Екі күнге созылатын бозкілем бәсекесіне Қазақстан барлық 10 салмақта спортшы жіберді. Ұлттық құрама құрамы: Лаура Ғаниқызы (50 кг), Ғазиза Рысалды (53 кг), Алиана Махамбетова (55 кг), Алтын Шағаева (57 кг), Эльмира Сапарбекова (59 кг), Жасмина Искандарова (62 кг), Қызжібек Жарқынбаева (65 кг), Бейбіт Сейдуалы (68 кг), Жібекжан Сабыржанова (72 кг), Алина Ертөстік (76 кг).

Турнирге барлығы 8 мемлекеттен палуандар қатысуда.

Көп оқылғандар