Астанада 7 мамырда «Әділет» саяси партиясының құрылтай съезі басталды. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңға жуық делегат келді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Съезде партия Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдайтынын жария етті. Әсіресе саяси және экономикалық реформаларға ерекше назар аударылды.
«Біз Президенттің елді жаңғырту жолындағы батыл қадамдарын қуаттаймыз. Бұл реформалар халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған», — деді партия өкілі.
Делегаттар алдағы сайлауда партияның ұстанымын бекітіп, жаңа мүшелерді қабылдау мәселесін де талқылады. Съезд екі күнге созылады деп жоспарланған.

