Спорт

ӘЧ-2026: Испания 16 жылдан кейін финалға шықты

Сурет: FIFA

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында Испания Францияны 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ойынның 22-минутында Люка Динь айып алаңында Ламин Ямальды шалып құлатты. Сальвадорлық төреші белгілеген пенальтиді Микель Оярсабаль дәл орындады. Екінші кезеңнің 58-минутында Педро Порро есепті ұлғайтты.

Испания 2010 жылы әлем чемпионы атанған еді. Қазір олар 16 жылдан кейін сол жетістікті қайталауға мүмкіндік алды. Топтық кезеңде Испания екі жеңіс, бір тең ойынмен 7 ұпай жинап, Уругвайды 1:0, Сауд Арабиясын 4:0 жеңіп, Кабо-Вердемен 0:0 тең түсті. Плей-оффта Аустрияны 3:0, Португалияны 1:0, Бельгияны 2:1 есебімен ұтты.

15 шілдеде Қазақстан уақытымен 23:50-де Англия мен Аргентина финалдың тағы бір жолдамасын сарапқа салады. Финал мен 3-орын үшін ойын 19 шілдеге белгіленген.

Көп оқылғандар