Сурет: FIFA
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Англия құрамасы Норвегияны 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуде алғашқы голды 36-минутта норвегиялық Андреас Шельдеруп соқты. Алайда 45-минутта Джуд Беллингем есепті теңестірді. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталып, ойын қосымша кезеңге ұласты.
Қосымша уақыттың 93-минутында Беллингем тағы бір гол соғып, Англияны алға шығарды. Осылайша Англия құрамасы жартылай финалға жолдама алды. Онда олар 15 шілдеде Аргентина мен Швейцария арасындағы ширек финал жеңімпазымен кездеседі.
Норвегия құрамасы I тобында екі жеңіс, бір жеңіліспен алты ұпай жинап, екінші орын алған. Олар Иракты 4:1, Сенегалды 3:2 есебімен ұтса, Франциядан 1:4 есебімен ұтылған. Кейін 1/16 финалда Кот-д’Ивуарды, 1/8 финалда Бразилияны 2:1 есебімен жеңген.
Ал Англия L тобында Хорватияны 4:0, Панаманы 2:0 есебімен ұтып, Ганамен 0:0 есебімен тең ойнаған. 1/16 финалда Конго ДР-ны 2:1, Мексиканы 3:2 есебімен жеңген.
Жартылай финалдың алғашқы жұбында 14 шілдеде Франция мен Испания кездеседі.
Мазмұнға өту
