Сурет: sovsport.ru
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық матчы Англия мен Аргентина арасында 16 шілдеге қараған түні өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ойын Атлантадағы 71 мың көрерменге арналған «Мерседес-Бенц Стэдиум» стадионында өтеді. Төрешілер бригадасын америкалық Исмаил Эльфат басқарады. Матчты «Qazsport» телеарнасы тікелей көрсетеді.
Ширек финалда Англия қосымша уақытта Норвегияны жеңсе, Аргентина Швейцарияны тізе бүктірді. Аргентина әлем чемпионатын үш рет (1978, 1986, 2022) жеңіп алған, ал Англия бір мәрте – 1966 жылы чемпион атанған.
Жасанды интеллект болжамы бойынша, Аргентина қосымша уақытта 2:1 есебімен жеңіске жетеді.
Еске сала кетейік, жартылай финалда Испания Францияны 2:0 есебімен ұтты. Испания сапында Микель Оярсабаль пенальтиден, Педро Порро екінші голды соқты.
Бұған дейін Аргентина мен Мысыр арасындағы ширек финалдық матч дау-дамаймен аяқталған еді. 58-минутта Мысыр шабуылшысы Мостафа Зико соққан гол VAR тексерісінен кейін есепке алынбады. Мысыр бас бапкері Хоссам Хассан төрешілікке наразылық білдіріп, ФИФА-ны қаржылық мүддені бірінші орынға қоюмен айыптады. ФИФА мәлімдеме жасап, Аргентинаға төрешілер көмектесті деген айыптауды жоққа шығарды. Соған қарамастан, әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 миллионға жуық жанкүйер Аргентинаға қарсы петицияға қол қойды.
Мазмұнға өту
