Сурет: Egemen Qazaqstan
Елордада Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымын өзгертіп, мемлекет пен азамат арасындағы қарым-қатынастың жаңа философиясын қалыптастырды. Адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары конституциялық құндылық ретінде бекітіліп, «Заң мен тәртіп» және «Әділетті Қазақстан» қағидаттары мемлекеттік саясаттың негізгі бағдарына айналды.
Комиссияның жаңартылған құрамдағы алғашқы отырысында осы қағидаттарға назар аударылды. Комиссия төрағасы Жақып Асанов жаңа Ата заң аясында комиссияның жауапкершілігі едәуір арта түсетінін атап өтті. Оның айтуынша, комиссия – адам құқықтары саласындағы өзекті мәселелерді талдау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау бағытындағы конституциялық кепілдіктерді жетілдірудің маңызды тетіктерінің бірі.
Ж.Асанов Мемлекет басшысы адам құқықтары мен бостандықтары ең жоғары конституциялық құндылық әрі бүкіл мемлекеттік аппарат қызметінің басты бағдары екеніне бірнеше рет тоқталғанын жеткізді. Осы ұстаным бойынша комиссия мемлекеттің қазіргі даму кезеңіне сай озық әрі тиімді шешімдер ұсынуы қажет.
Мазмұнға өту
