Categories Көңіл ашар

5-сынып оқушысы Сингапурдағы робототехника чемпионатында 2-орын алды

Оралдың 5-сынып оқушысы Тұрман Аманжол Сингапурда өткен FIRST LEGO League халықаралық робототехника чемпионатында Қазақстан намысын қорғап, екінші орынды иеленді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыс 2026 жылдың наурыз айында өтті. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен жүздеген жас инженер қатысты. Аманжол өз тобымен бірге күрделі робот құрастырып, бағдарламалау мен инженерлік дизайн бойынша жоғары баға алды.

«Бұл менің алғашқы халықаралық додам еді. Қатты қуаныштымын. Еліміздің атын шығарғаныма ризамын», — дейді жас дарын.

Турман Аманжол — облыстық және республикалық робототехника жарыстарының жүлдегері. Ол болашақта инженер-робототехник болуды армандайды. Қазіргі таңда ол жаңа жобаларды дайындап, келесі чемпионаттарға дайындалып жатыр.

Ұқсас жазбалар

Мұстафа Өзтүріктің қызы әкесінің мұрасын өңірлерде таныстыруды ұсынды

Мұстафа Өзтүріктің қызы Неслихан Өзтүрік әкесіне тиесілі тарихи жәдігерлерді Қазақстанның әр өңірінде таныстыру туралы ұсыныс…

Астанада Phygital Contenders 2026 турнирінің екінші күні мәресіне жетті

11 маусымда Астанада Phygital Contenders Astana 2026 халықаралық турнирінің екінші жарыс күні аяқталды. Жарыстар «Алау»…

Нью-Йорк көшелеріне футбол жұлдыздарының есімі берілді

Әлем чемпионаты қарсаңында Нью-Йорктегі бірнеше көшеге уақытша танымал футболшылардың есімі берілді.