Қоғам

38 ел Украинадағы ядролық апат қаупі туралы ескертті

Сурет: ашық дереккөзден

38 мемлекеттің ядролық қауіпсіздік реттеушілері Украинадағы энергетикалық инфрақұрылымға жасалған соққыларға алаңдаушылық білдіріп, атом электр станцияларының қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін нысандарға шабуылды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мамандардың басты алаңы – электр энергиясының үзілуі. Атом электр станциялары электр қуатынсыз қалса, реактордағы ядролық отынды салқындату қиындайды. Бұл реактордың белсенді аймағының балқуына және радиоактивті заттардың қоршаған ортаға таралуына әкелуі мүмкін.

Сарапшылар мұндай апаттың салдары 1986 жылы Чернобыль атом электр станциясында болған апатпен салыстыруға келетінін ескертті.

Бірлескен үндеуді HERCA, WENRA және NORA ұйымдары әзірлеген. Олар Еуропалық одақ елдерін, АҚШ, Ұлыбритания, Канада және Жапонияны қоса алғанда, 38 мемлекеттің атынан әрекет етеді.

Көп оқылғандар