Басты тақырып

3 маусымда Қазақстанның көп бөлігінде дауыл: жел мен найзағай күтіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстанның көптеген өңірінде 3 маусымда ауа райы күрт өзгереді. «Қазгидромет» мамандары дауылды ескерту жариялады, себебі жел күшейіп, найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Елдің шығыс бөлігінде керісінше, қатты ыстық сақталады. Синоптиктер температураның күндіз 35 градусқа дейін көтерілетінін ескертті.

Ал Батыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Жайық өңірінде де найзағай мен нөсер күтіледі.

«Қазгидромет» мәліметінше, республика бойынша дауылды ескерту 3 маусым күні күшінде болады. Тұрғындарға сақ болуға кеңес беріледі», деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Көп оқылғандар